KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Құдай-ау, бұл не деген қымбатшылық!

2.10.2017, 06:08 170

Қыста, көктемде қымбаттаған жанар-жағармай бағасы бүкіл еліміздегідей үш аптадан бері біздің облыста да көтеріліп кетті. Ең өтімді АИ-92 маркалы жанармай 2-3 теңгеге өсіп, Өскеменде енді 147-149 теңгеден сатылуда. Жанармай бағасы қымбаттады дегенше, бар дүниенің құны мен қызметі көтерілді дей беріңіз.


Астықты оруға, азықты дүкенге жеткізуге, көмірдіауылға апаруға, жолаушыларды тасымалдауға, бар шаруаны атқаруға керек жанармай бағасының өсуінен онсыз да мысықтабандап қымбаттап жатқан тауарлар бағасы тағы да біраз көтерілетін болды.


Байлығын арқалап келген алтын күз ауыл шаруашылығы өнімдерінің,көкөністер бағасының түсуіне біршамасептігін тигізіп тұр. Қыста келісі 250-ден асқан картоп қазір қала базарында 80-90 теңгеден сатылып жатыр.Өзге көкөністердің құны да қыстағыдан төмен.


Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, тамыз айында облыста жеміс-көкөніс өнімдерінен: алма – 1,6%, жүзім –23,4%, банан – 24,3%, лимон – 0,5%, жаңа піскен қырыққабат – 31,7%, пияз – 2,6%, қызылша – 11,7%, сәбіз –4,7%, қияр – 6,3%, қызанақ – 39,4%,тәтті бұрыш – 32,9%, картоп – 21,3%-ға арзандағаны байқалған. Апельсин 10,2%, алмұрт – 1,4%, консервіленген жүгері – 0,8%-ға қымбаттаған.


Көкөніс пен жеміс-жидектің қолжетімді бағада болуы уақытша ғана. Қыс таяған сайын көтеріле беретін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін қазір облыстық тұрақтандыру қорына 5 500 тонна көкөніс өнімдері жиналып жатыр. «Ертіс» ӘКК басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренконың айтуынша, тұрақтандыру қорындағы арзан өнімдер Өскемен мен Семей қаласының сауда орындарына қараша айынан бастап шығарылады. Бірақ қалалықтар тұрақтандыру қорының сол дүңгіршектеріне көкөністердің болмай қалатынын,арзан бағамен тұрған картоп пен өзге де өнімдердің көктемге салым сатып алуға тұрғысыз болып, бұзылып кететінін жиі айтып жүр.


Осыған орай облыс әкімі Даниал Ахметов «өнімдердің қайда, қандай бағамен сатылып жатқанын, қалай сақталатынын журналистерге де көрсетіңдер, халық бөлініп жатқан қаржының нәтижесін көруі тиіс» деп корпорация басшылығына тапсырма берді өткенде.


Катонқарағай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рақымғали Байгереев биыл Катонқарағай ауданында да осындай тұрақтандыру қоры құрылғалы отырғанын айтады. Қорға «Жас қанат»ШҚ-нан 200 тонна бидай, «Калинин» ЖШС-нен 50 тонна ұн, «Сәрсекей» кооперативінен 10 тонна картоп дайындалып сақталмақ


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив