KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскеменнің 19-шы шағын ауданындағы аллея қараусыз жатыр

21.09.2017, 05:45 133


– Өскемендегі 19-шы тұрғын ауданға қарасты Карл Маркс даңғылы, 5/1 және 7/1 үйлері жанында ұзыннан-ұзақ аллея салынған. Қазір қараусыз жатыр. Жазда шөп, қыста қар басып қалады. Төселген кірпіштері ойылып түсіп кеткен, қоқыс жәшіктері үнемі қоқысқа толып жатады, ешкім қарамайды. 2015 жылы жазда шамдары түнде жанып тұратын, қазір біреуі де жанбайды. Құрылысы аяғына дейін толық бітпеген. Қазір аллея басында тағы бір құрылыс жүргізіліп, саябақтың сәнін одан әрі кетіруде. Осы аллеяны ұстау қай мекемеге тапсырылған, неге дұрыстап қарамайды?


Нұржан Нұрғалиев

Өскемен.


Сауалға Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Әсет Құрымбаев жауап береді:


– Өскемен қаласының 19-шы тұрғын ауданы 1 кварталының инженерлік-коммуникациялық желілерін салу нысаны Өскемен қаласының құрылыс бөліміне пайдаланылуға берілді. 1 кварталдың жылу желілері құрылыс бөлімімен «Өскемен қаласының жылу жүйелері» АҚ-ның жарғылық қорына өткізілді. Су және кәріз желілерін коммуналдық меншікке алып, «Өскемен-Водоканалдың» теңгеріміне өткізу мақсатында қаулы шығару қарастырылуда.


«Самрұқ Қазына» АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры К.Мақсұтовтың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 04-01-16/2002 хатына сәйкес электрлік нысандар «ШҚ АЭК» АҚ қорына оның түпкілікті меншік иесі анықталғаннан кейін ғана берілмек.


Оқырман сұраған аллея мен жол құрылысы жоғарыда көрсетілген жоба аясында болған. Алайда, қаланың коммуналдық меншігіне, яғни Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қарамағына әлі өткізілген жоқ. Дегенмен, аллея мен жол құрылысын коммуналдық меншікке өткізу жұмыстары жалғасуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив