KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Семейде 36 жастағы ана өзінің 3 жасар баласын 5 қабаттан лақтырып жіберді

14.09.2017, 03:18 162

Семейлік әйел үш жасар баласын 5-қабаттан лақтырып жіберді, - деп хабарлайды "24 Хабар".


Оқиға сағат 12.00 шамасында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткен. Сөйтсе, бала бірінші қабаттың кіреберісінің карнизіне құлапты. "Бала жамбас сүйегінің ашық сынуы және тағы да көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сол уақытта оның жағдайы тым ауыр болды", - деп түсіндірді ауруханадағылар. Куәгерлер мен көршілер дәрігерлерге баланы бесінші қабаттан өз шешесі лақтырып жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта 36 жастағы әйел психикалық аурулар орталығында, ол осында есепте тұрады екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив