KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-дағы сел жүруі мүмкін жерлер тексерілді

13.09.2017, 11:35 223

Облыста 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығы сел ағыны жүру қаупі басым кезең болып саналады. Маусым аяқталар шақта тұрғындарға селден келетін қауіптің бар-жоғын анықтау мақсатында «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары Зайсан мен Катонқарағай аудандарындағы шөгінді көлдерді тексеріп шықты.


Кендірлік және Сарымсақты өзендерінің су бассейндерінде батиметриялық зерттеулер жүргізілді.

Зерттеушілер таулы көлдердің аумағы мен тереңдігін бірнеше жерден өлшеп көрді.


Бұл мәліметтер су асты бедерін қалыптастырып, судың көлемін мөлшерлеуге мүмкіндік бермек. Осындай деректер толық жиналғаннан кейін ғана зерттеуші топ шөгінді көлдердің жағдайы туралы шынайы ақпарат бере алады.


Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстанда 146 шөгінді көл бар. Олар 13 елді мекенге қауіп төндіретін 23 сел ағыны ошағын қалыптастырады. Төтенше жағдай бола қалса, барлығы 313 тұрғын үй, бес қоғамдық нысан, бес өндірістік ғимарат, оларда жұмыс істейтін мыңға жуық адам зардап шегулері мүмкін. Сол себепті де сел жүру қауіпі бар кезеңде құтқарушылар «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандарымен шөгінді көлдердің жағдайын үнемі тексеріп, оқу-жаттығулар жүргізіп отырады, жергілікті тұрғындарға жадынамалар таратылып, лекциялар оқылды.


Соңғы отыз жылда шөгінді көлдердің қауіп төндірген кезі тіркелмеген. Алайда мамандар тұрғындар сел ағыны жүре қалса өздерін қалай ұстау қажет екенін білулері керек деген пікір айтады. Қауіпті кезеңде 225 құтқарушы мен 42 техника төтенше жағдайға төтеп беру үшін сақадай сай тұр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив