KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Астанада өтетін ШҚО-ның жәрмеңкесіне 35 тонна бал жеткізіледі

13.09.2017, 06:15 204

Келесі аптада Астанада өтетін ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесіне облыс фермерлері 200 млн. теңгенің 350 тоннаға таяу өнімін апарамақ. Жәрмеңкеге өңірдің барлық аудандары қатысады.


Шығысқазақстандық фермерлері жәрмеңкеге бал, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, бұршақ, жылқы еті, сүт өнімдері мен қақаталған және пісірілген шұжық өнімдерін, балық пен қымыз, тары, құрт сияқты ұлттық тағамдарды шығаруды көздеп отыр.


Астана тұрғындарына 35 тоннадан астам бал, 11 тонна сүт пен алты тонна шұжық өнімдері, сегіз тонна жарма, тағы сонша балық пен 45 тонна жылқы еті, он тонна қымыз бен 200 тоннадай көкөністер ұсынылатын болады.Сондай-ақ, шығыстың брендіне айналған панты өнімдері де Елордаға жол тарпақ.


Облыс қолөнершілерінің ұлттық бұйымдары жәрмеңкенің сәнін арттыра түседі. Астанада өңір ауылшаруашылық тауарларына арнап 58 шатыр тігіліп, 100-ден аса сауда орындары ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, тауарлар нарықтағы бағадан 20-30 пайызға төмен болмақ. Жәрмеңке барысында Астана жұртшылығына ән мен биден шашу шашылып, өңір өнерпаздары өнерлерін ортаға салады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив