KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Cемейде таңға жуық 5 жасар бала жетінші қабаттан құлап кетті

4.09.2017, 10:29 164

Семей қаласында өткен демалыс күндері көпқабатты үйлердің терезесінен екі бала құлап, нәтижесінде екеуі де ауыр жараланды.


3-ші қыркүйек күні таңғы бестерге таяу темекі сатып алмақ болып далаға шыққан Семей қаласының тұрғыны балконның есігін ашық қалдырыпты. Ұйықтап жатқан 5 жасар ұл оянып алып әкесін іздеген. Балконға шығып кеткен бүлдіршін, 7-ші қабаттан құлап кеткен. Қазір бас сүйегі сынып, миы шайқалған бала жан-сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

Екінші оқиға да тура осындай. Энергетик шағын ауданында ата-ананың абайсыздығынан 6 жастағы қыз бала 4-ші қабаттан құлаған. Оның да бас сүйегі жараланып миы шайқалған, дене мүшелері сынған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив