KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі тексерілді

28.08.2017, 10:19 102

Облыстың өртке қарсы қызмет мамандары оқу жылы қарсаңында білім беру мекемелерінің өрт қауіпсіздігін тексеріп жатыр.


Көктем кезінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары өңірдегі 500 оқу мекемесін тексерген болатын. Сол кезде 2000-нан астам кемшіліктер әшкереленген еді. «Олар негізінен электржелілерін құру мен электр аспаптарын қолдану талаптарын бұзуға қатысты болған. Тез жанатын материалдарды баспалдақ алаңының астында, жертөледе сақтау және электрқұрылғыларды орнату ережелерін орындамау сияқты кемшіліктер белгілі болды. Өрт шыққан жағдайда оны сумен қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйелерінің бұзылуы, өртті автоматты түрде анықтап, ескертетін жүйенің жұмыс істемеуі, өрт сөндіруге арналған құралдардың жоқтығы анықталған», - деп түсіндірді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау тобының бас маманы Надежда Евдокимова. Тексерулердің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға кемшіліктерді 1- тамызға дейін жою туралы шешім тапсырылған.


Қазіргі таңда білім мекемелерін тексеру жұмыстары аяқталып келеді. Қазір 271 білім беру мекемесі тексерілді. Белгілі болған кемшіліктердің 120-сы әлі жойылған жоқ. Олар қосымша қаржыландыруды талап етеді. Мысалы, дабыл қағатын құралдарды орнату, өртке қарсы алғашқы құралдармен қамтамасыз ету, ағаш құрандыларын өртке төзімді құраммен майлауды қажетсінеді. Егер кемшіліктер уақытында жойылмаса азаматтық қорғаныс органдары білім нысандарының жұмыстарын сот органдары арқылы тоқтаита алады.


-Қазір талаптарды жүйелі түрде бұзатын 8 білім мекемесіне қатысты хаттама әзірленді. Зырян, Бесқарағай, Глубокое, Ұлан және Шемонайха аудандарында бір-бір мекеме, Семей қаласында үш нысанға қатысты дайындалған құжаттар сот органдарына жіберіліп, тексеріліп жатыр, - деп толықтырды Надежда Евдокимова.


Облыста бар болғаны 193 білім мекемесі ғана өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбай жұмыс істейді

Өткен жылы ешқандай кемшілік анықталмаған 447 мектеп өз жұмыстарына жауапты қарайтын нысандар ретінде тексерулерден бір жылға босатылған. Олар тек 2018 жылы ғана тексеріледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив