KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Зырян-Өскемен бағытындағы автобус аударылып бір адам қаза тапты

28.08.2017, 08:55 155

Шығыс Қазақстан облысында шағын автобус аударылып, бір адам қаза болды, тағы бес жолаушы зардап шеккен


Шығыс Қазақстан облысында Өскемен – Зырян тас жолында шағын автобус аударылып, бір адам қаза болды, тағы бесеуі зардап шеккен, деп хабарлады дүйсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.


Полицияның хабарлауынша, оқиға жексенбі күні орын алған. Зыряннан Өскеменге бағыт алған шағын автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан 63 жастағы әйел оқиға орнында қаза болды, тағы бес жолаушы түрлі жарақат алған. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілген.


Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп қосты Б.Торғаев.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив