KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменде пәтер тонаушылар қолға түсті

15.08.2017, 03:29 90

Облыс орталығында екі миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған қылмысты топтың мүшелері қолға түсті. Ұрылар Үлбі кентіндегі жекеменшік үйдің ішіне терезесі арқылы түсіп, қомақты көлемде теңге мен АҚШ валютасын, алтын әшекейлерді жымқырған.


Қалалық ішкі істер басқармасының криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілерді анықтаған. Олардың екеуі 25-те, біреуі 26-да, Ұлан ауданы мен облыс орталығының тұрғындары. Қазір полицейлер қолды болған дүниелердің бір бөлігін тауып, өздеріне алған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тексерулер басталды. Олар уақытша изоляторға жабылған. Қазір күдіктілердің басқа пәтер тонауларға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Криминалды полицияның қызметкерлері Курчатов қаласында да осы жылдың мамыр айында ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол жолы белгісіз біреулер пластикалық терезелерді ашып, пәтерден бейнекамера мен алтын бұйымдарды ұрлап, 540 мың теңгенің шығынын келтірген болатын. 25 жастағы күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған дүниесінің көп бөлігін қайтарып берді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив