KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Ольга Рыпакова Лондонда жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қол жүлде иеленді

8.08.2017, 09:12 107

Шығысқазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Лондонда жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қол жүлде иеленді. Оның көрсеткіші 14.77 метр құрады.


Венесуэлалық спортшы Юлимар Рохас (14.91) пен колумбиялық Катрин Ибаргуэн (14.89) кейін үшінші орынға Ольга Рыпакова аяқ тіреді.


Естеріңізге сала кетсек, Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстанда құрылған елдегі алғашқы «Алтай Атлетикс» кәсіпқой жеңіл атлетика клубының мүшесі болып табылады. Аталмыш клубқа осыған дейін Гауһар Лигасында күміс жүлде иеленген кениялық спортшылар Каролин Кипкируи мен Нора Джеруто кіріп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив