KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Тарбағатайдың Маңырақ ауылында балабақша ашылды

31.07.2017, 03:08 238


Маңырақ ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 орындық балабақша қолданысқа берілді.


Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер атсалысқан.


– Бұл балабақша – аудандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған нысандардың бірі. Оның нәтижесі екі жаққа да тиімді. Мәселен, Үкімет кәсіпкердің дамуына жағдай жасайды. Ал кәсіпкер табыс тауып, мемлекеттің тұралап тұрған саласын жақсартуға ықпал етеді. Ең бастысы, бұл жобалар әлеуметтік маңызы бар жерде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта Тарбағатайда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 4-5 балабақша салу жоспарда бар, - дейді Ділдәбек Оразбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив