KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Бүгінгі қайғылы оқиғадан кейін ел аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды

27.07.2017, 08:05 78

Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті елдің оңтүстік-шығысында болған әуе апатына қатысты тергеу аяқталғанша, ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты.


"Комитет Алматы облысы Панфилов ауданындағы «ТАК Қазавиа» ЖШС-не қарасты ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты тергеу аяқталғанша, Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты", - делінген бейсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Аталмыш оқиға бойынша министрліктің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тергеу жұмыстарын бастап кетті.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысының Панфилов ауданында жүгері алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ЯК-12 ұшағы құлап, артынан өртене бастаған. Бортта ұшқыш пен тағы бір адам болған. Екеуі де қаза болды.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив