KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Балықты заңсыз аулағандарға 18 млн. теңге айыппұл салынды

26.07.2017, 03:30 132

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен өткен алты айдың ішінде балық қорғау заңдылықтарын бұзған 970 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 18 936 936 теңге айыппұл салынған. 288 іс сотқа жіберілген.


Балық аулауға тыйым салынған мерзімде балық аулаған, балықты аулауға болмайтын жерлерден, рұқсат етілмейтін аулау құралдарымен аулағандардан 64 қайық, 2 491 аулау құралдары, 12 103 келі балық тәркіленген.


-Бүгінгі күні инспекцияның бір инспекторы 161 шаршы шақырым су қоймасын, 100 шақырымнан астам су ағысын бақылап келеді. Бойында Зайсан, Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі су қоймалары орналасқан тек Ертіс өзенінің жағасында ғана 700 ден астам халық тұрады. Ертіс бассейнінің 6000 шақырымға созылып жатқан су ағыстары мен 13 555 ш аршы шақырымнан асатын аумағын, Алакөл көлдері жүйесіндегі, жергілікті жердегеі 100 ден астам су көздерінде, көлдерде балық қорғау, бақылау жұмыстарын жүргізіп, балық қорын сақтау үшін инспекцияның материалдық-техникалық базасын заманауи жүрдек қайықтармен, байланыс құралдарымен, көліктермен толықтыру керек. Қазір бізге кем дегенде 6 жол талғамайтын көлік, 12 «Снегоход», 18 моторлы қайық қажет болып отыр. Инспекторлар да аса қажет,- дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Владимир Шешуков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив