KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

24.07.2017, 04:53 222

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысады. Жаңа жүйе отандастарымызға не береді, сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады? Көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі аударылған жарнаның мөлшеріне қатысты ма, жоқ па? Бұл сауалдар әрбір қазақстандықты толғандырары сөзсіз. Біз көпшілікті қызықтырған осы сұрақтардың жауабын іздестіріп көрдік.


Бірден ескертеміз, тұрғындарға ұсынылатын медициналық қызметтің көлемі аударған жарнасының мөлшеріне қарамайды. Ай сайын тұрақты аударым жасайтындарға сақтандыру пакетінде қарастырылған қызметтер толықтай көрсетілуге тиіс. Алайда жарна төлемейтіндер үшін тек базалық пакеттегі қызметтер қолжетімді.


Кеңейтілген сақтандыру пакеті қандай қызмет ұсынады?


Бұл пакетке амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, күндізгі стационарда емделу, жоғары технологиялы медициналық құызмет, медбике күтімі мен паллиативті көмек кіреді. Амбулаторлық-емханалық көмек кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Барлық талдаулар мен процедуралар тегін жүргізіледі. Түсінікті тілмен айтсақ, сақтандырылған азаматтарды емханада қабылдап, талдау жасап, диагнозын анықтап береді, қажет болса үйінде де, күндізгі стационарда да емдейді. Қаласа, ауруханаға да жатуына болады. Дәрі-дәрмекті де тегін береді. Өзін-өзі күте алмайтындарға медбикелердің күтімі ұсынылады. Оның ішіне ине салу мен көктамырға дәрі жіберу, қанға сараптама жасау, катетер қою, жараны дәкемен таңу сияқты қызметтер толық кіреді. Айықпас дертке шалдыққандарға өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін паллиативті көмек қолжетімді.

Сақтандырылған азаматтар дәрігердің қызметіне жүгінгенде жоғары технологиялы медициналық қызметтерді де талап ете алады. Мысалы, ішкі органдардың ауруы кезінде, не гинекологиялық, гастроэнтерология, гематология, дерматовенерология, неврология сырқаттары мазаласа немесе күйіп қалса, озық технологиялы қызметтерді сұрай алады. Сонымен қатар бұл тізімге нейрохирургия, онкология, оториноларингология, офтальмология, педиатрия, ревматология, жүрек-қан тамыры хирургиясы, кеуде қуысы хирургиясы, травмотология, мен ортопедия, органдар мен теріні алматырып салу, урология, бет-жақ сүйек хирургиясы, эндокринология сияқты дерттер де жатады.

Сауықтыру орындары мен курортта емделу қарастырылмаған. Дегенмен әлеуметтік медициналық сақтандырудың шеңберінде кейбір дерттерді оңалту шаралары көзделген. (мысалы, инсульт, инфаркт алғандар, онкологиялық науқастар, трансплантологияға жүгінгендер).


Стационарлық көмекке не кіреді?


Стационарға, яғни ауруханаға жатқан тұрғынды дәрігерлер қарап, тексеру жүргізеді, қанына сараптама жасайды, кеңестерін береді. Препараттар, қажет болған жағдайда қан препараттары да ұсынылады. Сонымен қатар үш жастағы бүлдіршіннің қасына анасына , әкесіне не болмаса басқа да бір туысына жатуға болады. Одан ересектеу баланың туыстарына да рұхсат беріледі, егер оған ерекше күтім қажет болса. Бір жасқа дейінгі емшектегі баласы бар анаға тамақ берілуі тиіс. Балалардың медициналық стационарлық ұйымдарындағы стационарлық көмекке сондай-ақ олардың ойнауына, демалуына және тәрбие жұмыстарын жүргізуге жасалған қолайлылықтар да кіреді.


Базалық пакетке не кіреді?


Сақтандыру қорына жарна аудармайтындарға да медициналық көмек көрсетіледі. Олар үшін мемлекет барлық азаматтарға қолжетімді базалық пакетті ұсынады.

Оған жедел жәрдем мен санитарлық санавиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде және төтенше жағдайлардағы медициналық көмек, профилактикалық екпелер, сақталмағандар үшін дәрілермен қамтамасыз етілген амбулаторлы-емханалық көмек. (2020 жылға дейін).


Әлеуметтік маңызы бар аурулар дегеніміз не?


Оларға науқас айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін, адамнывң өміріне қатер төндіретін, кейде өлімге әкеліп соғатын, емделуі ұзақ мерзімді қажетсінетін дерттер жатады. Мұндай дерттердің көпшілігін ерте сатысында анықтап, асқынудың алдын алуға болатынын естен шығармау керек. Туберкулез, АТИВ( ВИЧ), В,С вирусты гепатиті, қатерлі ісіктер, қант диабеті, жүйке аурулары, балалардың сал ауруы, миокард инфаркті( алғашқы алты айы), ревматизм, құрастыратын жасушалардың жүйелі аурулары, орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын түрлері, шашыраңқы склероз, миелопатия сияқты аурулар әлеуметтік маңызы бар дерттерге жатады.

Осындай диагноздардың бірі қойылған қазақстандықтарға дәрігерлік көмек ешқандай жарна аудармаса да көрсетіледі.


Алғашқы дәрігерлік көмекке не жатады?


Жарақат алғанда, уланып қалса, басқа да кенеттен ауырған кездерде жедел жәрдемді шақыруға әркім де құқылы. Бұл жерде де ешқандай өзгеріс жоқ. Сонымен қатар науқасқа дәрілік препараттар берілуі тиіс, ол отбасын жоспарлау, кейбір дерттердің алдын алу екпелерін салғызу, қатерлі ісіктерді анықтайтын скринингтік тексерулерден өту қызметтерін пайдалана алады. Бұл медициналық қызметтердің барлығы базалық пакетке кіргендіктен, азаматтың сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көрсетілуге тиіс.


Санавиация не үшін қажет?


Егер адам жол-көлік апатына түссе немесе басқа да бақытсыздыққа ұшыраса, не болмаса ауыр дерті ушығып кетсе, ол тұрғын тәуліктің кез келген уақытында санавиацияның қызметін сақтандыру қорына ақша аудармаса да пайдалана алады. Бұл қызметке дәрігердің қарап, кеңес беруі, кейбір жағдайларда сол жерде операция жасау, науқастарды, жүкті әйелдерді тасымалдау, органдар мен биоматериалдарды жеткізіп беру, жасаушылар мен органдарды алатын мамандарды жеткізу кіреді. Адам өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрса, авиакөлік науқасты ауруханаға әкеліп, қайта апарады.


Егер адам бірнеше ай жұмыссыз қалса, бірақ оған дейін жарнеа төлеп келсе, оған медициналық қызмет қалай көрсетіледі?


Бұл жағдайда азаматтар мемлекет тарапынан ұсынылатын базалық пакеттің қызметін пайдалана алады. Ал егер осындай қиындыққа тап болған адам жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда оған МӘМС жүйесінің кеңейтілген пактінің қызметтері қолжетімді болады.


Жекеменшік емханалардың қызметі қандай жағдайда қолжетімді?


Жекеменшік емдеу орнына қаралғысы келгендер ең алдымен емдеу мекемесінің МӘМС жүйесімен медициналық қызметтерді көрсету туралы келісімшарты бар-жоғын анықтап алғаны дұрыс. Егер ондай келісім болса, азамат МӘМС жүйесінің пакетіндегі қызметтерді де, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті де тегін алады.

Мемлекеттік клиникалар бұрынғы кесте бойынша жұмыс істей береді, ал медициналық қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп, МӘМС жүйесінің Қорна жиналған қаражаттың есебінен көтеріледі деп жоспарланған.


Тұрғындардың барлығына міндетті түрде, базалық пакеттің шеңберінде жасалатын екпелер төмендегідей: нәресте өмірінің алғашқы күндері БЦЖ (туберкулезге қарсы) және В гепатитіне қарсы екпе алады. Екі айынан бастап гепатитке қарсы кешенді егу, полиомиелитке, коклюш, дифтерия , столбняк (АКДС), b типті гемофильді жұқпаға, пневмококк жұқпасына қарсы егу жүргізіледі. Үш айында коклюш, дифтерия , столбняк (АКДС), b типті гемофильді жұқпаға қарсы қайта егіледі. Бір жасқа дейінгі екпелердің ішінде 4 айында сәбиге гепатитке қарсы екпенің 3 кезеңі салынады, полиомиелитке, коклюш, дифтерия , столбняк (АКДС), b типті гемофильді жұқпаға және пневмококк жұқпасына қайтара егіледі. 12-15 айында қызылшаға, свинкаға қарсы егіліп, полиомиелит пен пневмококк жұқпасына қарсы тағы бір мәрте екпе алады. 1,5 жасында балаға АКДС, полиомиелит пен b типті гемофильді жұқпасының ревакцинация жасалады. Мектеп жасында да балаға бірнеше екпе міндетті түрде салынуы қажет. 6 жасында (1 сынып) БЦЖ , корьға, қызылшаға, свинкаға қарсы және АКДС екпесі қайталанады. 16 жасында стоблняк пен дифтерияға (АДС-м) қарсы егіледі, содан кейін бұл екпелер он жыл сайын қайталанып тұрады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив