KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2,6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Катонқарағайда мал қоңданып, сүт молайды

20.07.2017, 10:20 122

Катонқарағай өңірінің шөбі шүйгін, отты жері мал азығын даярлауға ғана емес, сиыр сүтінің молайып, тұрғындар табысының артуына да септігін тигізуде.


Қазіргі күні ауданда екі сүт қабылдау пункті жұмыс істеп тұр. Өткен бес айда олар арқылы 463 тонна сүт жиналып, өткізілген. Ауданда барлығы 294 жеке қосалқы шаруашылық сүт өткізіп отыр. Новохайрузовка ауылдық округіндегі «Самай» ШҚ ның сүт қабылдау пункті округтегі 80 үйден сүт қабылдап алып жатыр. Сүт өндіру, сүт жинау жұмыстарын тиімді жүргізу үшін көктемде 34 жеке меншік қосалқы шаруашылық пен «Самай» ШҚ бірігіп, «Самай және К» кооперативін құрды. Үлкен Нарындағы «Боран» ШҚ ның «Молочный экспресс» ЖШС нің сүт қабылдау пунктіне де тұрғындар өрістен тоя қайтқан малының мол сүтін өткізіп, әжептәуір табыс тауып отыр.


Аудандағы Үлкен Нарын, Солоновка, Алтынбел ауылдық округтеріндегі сегіз ауылдың 67 жеке қосалқы шаруашылығы сүт қабылдау пункттеріне күн сайын сүт өткізіп келеді. Ауыл тұрғындарында 160 бастан астам сауынды сиыр бар.


Мұнан өзге, Зырян ауданындағы «Турайда» ЖШС Новополяков ауылдық округіндегі Новополяков, Бесүй ауылдары тұрғындарынан күн сайын 2,5 тонна көлемінде сүт жинап алып жатыр. Катонқарағай ауданында биыл сүт сатып алу мөлшерін 1 341 тоннаға жеткізу жоспарланған.


Ауданның Үлкен Нарын өңіріндегі шаруашылықтар мал азығын даярлауға кірісті. Қазір бұл жақта 20 мың тонна көлемінде шөп әзірленген, ол қысқа қажетті мал азығының 12 пайызын құрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив