KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Білікті дәрігерлік көмек көрсетілді

19.07.2017, 05:32 97

Шалғай елді мекендердің тұрғындарына білікті дәрігерлік қызмет көрсету мақсатында жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының қызметін үш айдың ішінде 5966 шығысқазақстандық пайдаланды. Дөңгелекті емхана өңірде осы жылдың 22 мамырынан 13 шілдесіне дейін жұмыс істеген болатын.


Осы уақыт аралығында жылжымалы медициналық кешен 28 бекет пен бекеттерге жақын елді мекендерге тоқтап, 5966 адамды тексеруден өткізген, олардың ішінде 724 бала бар. 41341 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, барлығы 33082 диагностикалық процедура жасалды, олардың қатарында УДЗ, рентген, ЭКГ және басқа да зерттеулер бар. Сонымен қатар науқастарға 261 шағын амбулаториялық ота жасалған. Шалғай ауылдардың тұрғындарына стоматологиялық көмек те көрсетілген, бұл қызметті 3079 тұрғын пайдаланыпты.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы облыс тұрғындарына қызмет көрсетуді 22 мамырда Аягөз ауданының Таңсық бекетінен бастаған-ды. Үш айда дәрігерлер Таңсық, Үшбиік, Жарма, Жаңғызтөбе, Шар, Жаңа Өскемен, Зырян, Тұрғысын, Заводинка, Бұқтырма, Серебрянка, Огневка, Ермаков, Риддер, Тишинская, Черемшанка, Шемонаиха, Усть-Таловка, Рулиха, Фестивальная, Предгорная, Ертіс зауыты, Казиевка, Суықбұлақ, Ауыл, Белағаш, Шаған және Дегелең сияқты бекеттердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.


Жылжымалы медициналық кешен сегіз вагоннан тұрады, оларда науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында Шығыс Қазақстан Темір жол ауруханасының Апаттар медицинасы темір жол госпиталінің бірінші және жоғары санаттағы терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург, стоматолог, УДЗ диагностика дәрігері және шақыртылған дәрігерлер – офтальмолог, рентгенолог, врач-эндоскопист сияқты мамандары бар. Қабылдауға балаларымен келген пациенттерге қолайлы болу үшін жол үстіндегі бекеттерде медицина пойызы аялдаған кезде балаларға арнайы алаңдар мен ойын аттракциондары ұйымдастырылды.

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба. Бұған дейін халыққа дәрігерлік қызмет көрсеткен «Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болып, 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанған болатын.


«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ШҚО-дағы жұмысын аяқтаған соң, Павлодар облысының Май жолайырығына аттанды. Жылжымалы емхана сонымен қатар Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралап, тұрғындарға 2017 жылғы 6 қарашасына дейін қызмет көрсетеді деп жоспарланған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив