KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Кәсіп бастағысы келетіндердің жолында кедергі көп

17.07.2017, 06:01 216

«Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған » бағдарламасымен ауыл тұрғындарына шағын несие беру шартына сай «Бастау Бизнес» бойынша оқып, бизнес жобасын қорғаған жұмыссыздардың жобалары аудандағы аймақтық даму картасының бағыттарына сәйкес келуі тиіс. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып шығып, бизнес жобаларын қорғаған 181 тұрғын жобасының 60 пайызы ғана аудандардағы аймақтарды дамыту картасының жобаларына сәйкес келіп отыр.


Сол себепті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы өз бизнес жобаларын әкелген жұмыссыз ауыл тұрғындарының 40 пайызына шағын несие бермеген.


-Аудан әкімдіктері өз өңірлерін, аудандарын дамытудың картасын жасағанда картаны ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлерінің мүддесін ескере отырып жасауы керек. Аймақтарды дамыту картасын әзірлеген аудан әкімдіктері жергілікті жерде қандай кәсіп түрлерін дамытып, қандай бағыттарға басымдық беру қажет екенін ескеруі тиіс болатын, ескерілмеген болса әкімдіктер оған алдағы уақытта өзгерістер енгізуі қажет.- деп түсіндірді бағдарламаның жүргізілу барысы талқыланған семинарда тұрғындар жобасына шағын несиенің берілмей жатуының себебін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.


Сонымен бірге, бизнес жобаларын қорғап шығып, шағын несие алуға келген ауылдықтардың 10 пайызына несие тарихының дұрыс болмауына байланысты қор несие бермеген. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Рауан Уалхановтың айтуынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылып жатқан жеті аудандағы жұмыспен қамту орталықтарының мамандары шағын несие алсам деп келген ауыл тұрғындарына «Жеке кәсіпкер» болып тіркелу керек, анау керек, мынау керек деп артық құжаттар жинатып қойып, тұрғындарға жолдаманы уақытында бермей отырған кездері де көп қайталанып жатқан көрінеді.


Облыс кәсіпкерлері палатасының бизнес тренері Талғат Қасенов кәсіпкердік негізіне оқытып жатқан «Бастау Бизнес» жобасына қатысушы ауыл тұрғындарының «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ нан шағын несие алуына кепілдіктерінің болмауы да кедергі келтіріп отырғанын айтады. Мысалы, Шемонайха ауданында «Бастау Бизнесті» оқып, бизнес жобасын қорғаған 24 адамның 8 і ғана өз шағын несие алуға өтінім беріп, қалғаны кепілдікке қоятын бағалы мүліктерінің болмауынан мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаған. Сондай ақ курсты бастағандардың бір ай бойы оқытылатын оқуға келмей қалатын күндері де көп екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив