KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Медициналық сақтандыру қорына кім, қашан, қанша аударады?

14.07.2017, 04:07 148

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Риза Төкежанова:

-1 шілдеден бастап жеке кәсіпкер МӘМС қорына өзі үшін де, жұмысшылары үшін де жарна аударады. Биыл – екі ең төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде (2445,9 теңге).

Болжам бойынша, 2018 жылы ең төменгі айлық жалақы 28 284 теңге болады. Демек, жеке кәсіпкерлердің ай сайынғы жарнасы 2 828 теңгені құрайды. Жарнаны ай сайын да төлеп тұруға, сонымен қатар алдын ала бірнеше айға аударып тастауға да болады.

Жұмыс берушілер сияқты ЖК де зейнетақы төлемдеріне ұқсайтын бұл төлем жүйесімен таныс. Аударымдарды есепшоп ашып та, ашпай да Қазпошта бөлімшелері немесе екінші деңгейлі банктер арқылы аударуға болады.


Жұмыс берушілер


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Риза Төкежанова:

-1 шілдеден бастап жұмыс беруші ай сайын өзінің қызметкерлері үшін олардың жалақысының 1 пайызын төлейді. 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылы -2 пайыз, 2022 жылы - 3 пайыз. Жарнаның көлемі 15 төменгі айлық жалақының мөлшерінен аспауы керек. (366885 теңге). Аударымдар жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жасалады, яғни, қызметкердің жалақысынан ұсталмайды.Ал 2019 жылдан бастап қызметкерлердің өздері де еңбекақысының 1 пайызы, 2020 жылы 2 пайызы көлемінде жарна төлейді.


Зейнеткерлер


Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова:

-Зейнеткерлер МӘМС қорына жарнаны мемлекет төлейтін категориялардың қатарына жатады. Егер зейнеткер жұмыс істейтін болса, онда жұмыс беруші ол үшін жарна төлеуден босатылады.


Жұмыссыздар


Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова:

-Қазақстанның жұмыс істемейтін азаматы үшін МӘМС қорына жарна мемлекеттік бюджеттен аударылады. Алайда жұмыссыз статусын алу үшін тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелуі тиіс. Егер азамат бұл іс-әрекеттен бас тартса, онда ол МӘМС қорына жарнаны өз бетімен ең төменгі айлық жалақының 5 пайызы көлемінде аударуға міндетті. 2018 жылы жарнаның көлемі ай сайын 1414 теңгені, бір жылда 16 970 теңгені құрайды. Жарналарды коммерциялық банктер немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы төлейді. Өз бетімен жарна аударатындарға екі-үш айға алдын ала аударым жасауға болады.



Жалдамалы жұмысшылар:


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық штабтың үйлестірушісі Зәуреш Балкенова:

-Жалдамалы жұмысшылар жарнаны өз жалақыларынан 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударатын болады. Алдымен бұл еңбекақының 1 пайызы көлемінде, 2020 жылы 2 пайызы мөлшерінде төленеді. Жоғарыда аталған барлық сомалар мен ставкалар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасына енгізіліп, Парламент Мәжілісінің қарауына берілген. 2015 жылы қабылданған алғашқы Заң жобасында жарналардың мөлшері барлық категориялар үшін екі есе көп болатын. Бюджетті осылай толықтыру арқылы медициналық қызметкерлердің жалақысын өсіру көзделген болатын.



Шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі қазақстандықтар


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық штабтың үйлестірушісі Зәуреш Балкенова:

-Мекендеу қағазы және жұмысы бар, жұмыс істей алатын шетелдіктер республикамыздың басқа азаматтарымен бірдей МӘМС жүйесіне қатысып, жарна төлейді. Бірақ олардың резидент емес балалары, зейнеткер, мүгедек туыстары үшін аударымдарды мемлекет төлейтін болады. Осы тұста көптеген наразылық тууы мүмкін. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндіргендей, бұл әлемдік және дамушы елдердің тәжірибесінен алынған. Оларда әлеуметтік қолайлылықтарды бөлгенде халықты өзіміздікі немесе бөтен деп бөлмейді. Оның үстіне, егер соңғылары мемлекеттің экономикасына үлес қосып жатса.

Егер қазақстандық Ресейде, Қырғызстанда немесе Америкада, елімізден тысқары кез келген жерде тұрып жатса, ол МӘМС қорына жарна төлеуге міндетті. Олар өзін-өзі асыраушы белсенді емес тұрғындар аударатын көлемде, ең төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде аударым жасайды. Егер бұл талапты орындамаса, елімізге қайтып келгеннен кейін Заңды орындамағаны үшін тиісті шара қолданылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив