KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 7 м/с, З
444.32 473.33 4.76

29 шілдеде Ақсуатта аламан айтыс өтеді

12.07.2017, 11:08 266

Шілденің 29-ы күні Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді.


Тастекеевтер әулетінің демеушілігімен өткелі отырған бұл жыр додасына Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Әсем Ережеқызы бастаған жерлестерімізбен бірге Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев сынды сөз сүлейлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, көрші Қытай елінде тұратын қандастарымыздың үкілі үміті болған Жарқынбек Бердібекұлы мен Байөлкенің тумасы Ералан Болатұлының да есімі жүр ақындар тізімінде.


Айтыс тізгіні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның қолында. Ал қазылық қызметті Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы қатарлы сөз зергерлері атқарады деп отыр.


Айтыс әлеміне талай ақынды самғатқан қасиетті мекендегі сөз барымтасының қызығынан қапы қалмаңыздар.


Мұратхан Кенжеханұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив