KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жергілікті тауар үлесі 90 пайыз болуы тиіс - ШҚО әкімі

4.07.2017, 06:24 150

Аймақ басшысы Даниал Ахметов құзырлы органдарға мемлекеттік мекемелер мен жергілікті тауар өндірушілер арасында тығыз байланыс орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұсынған мәліметке сенсек, аймақтағы мемлекеттік мекемелер сатып алған жиһаздың 37 пайызы ғана жергілікті тауар өндірушілерге тиесілі екен.


– Мемлекеттік органдардың облысымызда өндірілетін құрылыс материалдары, азық-түлік, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларына қатысты сатып алуларын 90 пайызға дейін жеткізуіміз қажет. Бұл – облыс әкімінің тапсырмасы. Енді қала және аудан әкімдерімен бірлесе, осы бағытта жұмыс істеп, жүктелген міндетті орындайтын боламыз, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.


Алдағы уақытта палата мамандары мемлекеттік мекемелер басшыларымен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілер ұсынып отырған өнімдердің артықшылықтарын түсіндіретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив