KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Назарбаев Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді мақұлдады

3.07.2017, 03:24 197

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.


Заң Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелерін қайта қарау, олар үшін Қорға мемлекеттен жарналар түсетін адамдардың, сондай-ақ Қорға жарналарды төлеушілердің тізбесін кеңейтуді көздейді.


Сонымен қатар, заңда Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың оған сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) алуға құқығы болатын ережелер енгізілген.


Заңда, сондай-ақ, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қорды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) бірыңғай төлеуші ретінде белгілеу; cапалы дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу және төлеу, олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай тиімді тәсілдерді қамтамасыз ету үшін заң жобасымен сатып алу және дәрілік қамсыздандыруға шығыстарды төлеу жөніндегі құзыреттерді Қор мен жергілікті өкілді органдар арасында бөлу қарастырылған. МӘМС жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға, банктік шоттардағы Қордың активтеріне тыйым салуға жол берілмейді.


Құжатта жеке кәсіпкерлер, нотариустер, жеке сот орындашылары, адвокаттардың төлейтін жарнасының көлемі анықталған.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив