KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Облыстық әкімдікте азық-түлік бағасына байланысты мәселе көтерілді

26.06.2017, 09:17 206

Облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық –түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалық етуімен облыстық штабтың отырысы өтті.


Нұрымбет Сақтағанов қаңтар-мамыр аралығында облыста тұтыну  бағасының көрсеткіші 103,6 пайызды, азық -түлік тобы бойынша 104,7 пайызды құрағанын атап өтті.


Кеңесте кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы  мемлекеттік сауда саясатын іске асыру бөлімінің басшысы Майра Нұрбаева әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша қазіргі күні  қала, аудан әкімдіктері Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясынан көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Сонымен бірге әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын негізсіз көтермеудің амалдары жасалып жатқан көрінеді. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау  департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева да азық-түлік бағасын тұрақтандыру  бағытында  атқарылып отырған біраз шаралар барын айтты.


Облыстық штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала, аудан әкімдеріне әлеуметтік маңыздағы азық-түліктердің әрқайсысының бағасын тұрақтандыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдап, бағаны тұрақтандыру жұмыстарын күшейтуге тапсырма берді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив