KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ауыл тұрғындары бір айлық бизнес-курстардан өтіп жатыр. ШҚО

26.06.2017, 02:49 167

Облыста сәуір айынан бері ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысып, жұмыс табуына жағдай жасауға бағытталған «Бастау бизнес» жобасы іске асырылып жатыр.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке оқытудың бір айлық курсын сәуір айынан бастап біздің облыста 516 адам (16 мың теңге мөлшеріндегі  шәкіртақы ала отырып) оқып шыққан. Қазір жеті ауданның : Көкпекті, Шемонайха, Аягөз, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарының тұрғындарына «Бастау бизнес» курсы оқытылып жатыр. Бұл жеті аудан шағын несие алып, жеке кәсіппен айналысып жатқандардың көлеміне, тұрғындардың кәсіппен шұғылдануға деген ынта-ықыласына қарай іріктеліп алынған.


Шілдеден бастап «Бастау бизнес» курсы бойынша өздері ұсынған бизнес-жобаларын қорғай алған тұрғындар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Даму» қоры арқылы жеңілдікпен берілетін шағын несие алып, өз кәсіптерін бастамақ.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив