KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Риддердің көшелерінде аюлар пайда болды

11.06.2017, 18:00 364




Биыл «Қазцинк» ЖШС не 20 жыл толып отыр. Осы мерейтойлық жылда компания шығыстағы кеншілер қаласы Риддерге ағаштан ойып жасалған бірнеше аюдың әдемі мүсіндерін сыйға тартты. Қарағаш пен теректен жасалған бес бірдей аю бүгінде Риддердің көшелеріне көрік беріп тұ
р.

-Риддердің көшелеріне аюлар мүсінінің қойылып отыруы кездейсоқтық емес. Қалың орман көмкерген қаланың көркін аюлар кіргізетінін бұл жердегі үлкен де кіші де жақсы біледі. Тұмса табиғат ішіндегі қара орманда жүретін аю бұл шаһарға етене жақын аңның бірі, сондықтан бұл аюлар Риддердің сәні ғана емес символы болары анық. Қала көшелеріндегі қиылған кәрі ағаштардың орынын, түбін не істейміз деген сұрақ туғанда, бұл жерлерге ертегі кейіпкерлерін, басқа да дүниелерді қойсақ деген түрлі ұсыныстар айтылды, ең соңында қалалық әкімдікпен кеңесе келе осы аюларға тоқталдық, - дейді «Қазцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. – Биылғы жылы Қарағанды облысында біздің компанияның ірі жобасы басталғанын білесіздер, біз сол жақтағы Жайремде ірі байыту комбинатын салып жатырмыз. Сол Жайремде тамаша шығармашылық адамдарымен таныстық. Бұл аюлардың мүсінін жасағандар жайремдік шеберлер. Олар бұған дейін де біздің тапсырыстарымызды орындаған болатын, шеберлердің қолымен жасалған әсем дауысты домбыраны металлургтердің төл мерекесіне келіп, кеншілер алдында өнер көрсеткен Роза Рымбаеваға сыйға тартқанбыз.
Риддердің көшелерінде аюлар пайда болды
Орталық Қазақстанға аты шыққан жайремдік белгілі мүсінші Балташ Сырттанбеков биіктігі екі метрден асатын бес аюды өзінің шәкірттерімен бірге жасапты. Мүсіншінің туындылары елімізбен бірге шетелге де танымал болып отыр. Оның шәкірттерінің бірі Досымхан Бәдигұловтың қобызы ЮНЕСКО (2004ж) альбомына кірген.

Жайремдік мүсіншілер орман қожаларының өздеріне ғана тән көңіл күйін, батталып бал жеп, мәз болған қалпын, балық ұстап алып, тоқмейілсіп тұрған сәтін, маймаңдап келе жатқан мамыражай кезін -бәрін де айна қатесіз келтіріп, бедерлеп, салыпты. Қалада емес, орманда көрген жан мүсінді жоны күжірейген аюдың өзі деп қалары рас.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив