KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Моңғолиядағы Президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті

6.06.2017, 18:00 111


26 маусымда өтетін Президент сайлауына үгіт-насихат басталды.

Ел тізгінің ұстауға үміткерлердің саны қазір - үшеу. Олар - Моңғол халық партиясының атынан - Миеэгомбын Энхболд, Демократиялық партия қатарынан - Халтмаагийн Баттулга, Моңғол халық революцияшыл партиясының мүшесі - Сайнхүүгийн Ганбаатар.

Моңғолия Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес үгіт-насихат жұмыстары сайлауға бір тәулік қалғанда, түнгі сағат 00:00-де тоқтатылады.

Дауыс беру маусымның 26 күні өтеді.

Кенжехан Жамай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив