KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да малшылар мен сауыншыларға арналған жайлы баспаналар салынғалы жатыр

4.06.2017, 18:00 117


Өскемен қаласының маңында орналасқан Солнечный кентіндегі «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» серіктестігі кенттегі өз жұмысшыларына арнап заманауи, жайлы баспаналар салғалы жатыр.

-Шаруашылықтың малшылары мен сауыншыларына, өзге де мамандарына арнап салынғалы отырған бұл үйлер қаладағы тұрғын үйлерден асып түспесе, кем түспейді. Үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады, ыстық, суық су, санитарлық тораптары -бәрі де баспана ішінде болады. Шаруашылықта қолға алынып отырған тұрғын үй бағдарламасы бойынша кентте жұмысшылар шаруашылықтан шаршап келген соң демалып, тынығатындай жайлы үйлер салуға кіріскелі отырмыз. Мамандарымыз, жастар ауылды тастап, қалаға кетпес үшін басқа да жағдайлар тудырамыз,-дейді шаруашылық басшысы Фарид Әбитаев.

Агроөнеркәсіп кешені басшысы қазіргі күні кенттегі шаруашылық жұмысшыларының орташа еңбекақысы 110 мың теңгені құрайтынын айтты. Осыдан бес жыл бұрыңғымен салыстырғанда қазір шаруашылықта еңбек өнімділігі екі жарым есеге артқан. Еңбек өнімділігі жаңа технологияларды енгізіп, жаңа техникаларды қолданудың нәтижесінде артып, бұл жетістік жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге қол жеткіздіріп отыр.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив