KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Курчатовта «Ақ бөбек» деп аталатын жаңа балабақша жұмысын бастады

4.06.2017, 18:00 150



Курчатовта «Ақ бөбек» деп аталатын жаңа балабақша жұмысын бастады. Айта кетейік, балабақша ғимараты 2016 жылы «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамымен қалалықтарға өтеусіз негізде берілген.

Жақында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде күрделі жөндеуден өткен балабақшаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Ақ бөбек» деп аталатын балабақша 60 орынға шақталған.

Қала әкімі Алмас Оңдақановтың айтуынша, жаңа балабақшаның ашылуы шаһарда мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығы проблемасын біршама шешті. Соңғы мәлімет бойынша бүгінде Курчатовта балабақша кезегінде 325 бала тұр екен.

– Алдағы уақытта қаламызда «Тополек» деп аталатын 150 орындық тағы бір балабақша пайда болады. Осындай шаралар арқылы соңғы жылдары демографиялық өсім байқалатын Курчатовтағы мектепке дейінгі білім беру мәселесін біртіндеп шешпекпіз, – дейді ол.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив