KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Көшелер мен аулаларға пластик құтылар жинайтын арнайы контейнерлер қойылып жатыр. Өскемен

30.05.2017, 18:00 111



Облыс орталығының тұрғындары бұдан былай «Тассай» мен толып жатқан түрлі сусындардың пластик құтыларын қалдық жәшігіне тастамай аулаларға қойылған арнайы контейнерге апарып салуына болады.

Өскемендегі «ЭкоВостокЛидер» фирмасы шаһардағы ғимараттар мен үй аулаларына 300 ге тарта пластикалық құтыларды жинайтын арнайы контейнерлер әкеп қойып жатыр.
Көшелер мен аулаларға  пластик құтылар жинайтын  арнайы контейнерлер қойылып жатыр. Өскемен
- Жуықта осы 300 контейнерді қоюға арнайы рұқсат құжаттарын алдық. Жаз маусымы пластик құтылардың қаптайтын кезі. Қазіргі күнге дейін қала бойынша Михаиэлис көшесі, «АДК», «Өскемен вокзалы» маңы сияқты 11 жерге контейнерлер қойылған болатын. Жиналған пластик құтыларды Шымкенттегі пластик өндірісі зауытына машинамен жіберіп жатырмыз. Бұл зауыт та биыл ғана ашылған. Біздің өтінішіміз: қалалықтар құтыларды лақтырмай орнатылып жатқан арнайы контейнерлерге салса екен,-дейді «ЭкоВостоклидер» фирмасының иесі Динара Әкімжанова.
Көшелер мен аулаларға  пластик құтылар жинайтын  арнайы контейнерлер қойылып жатыр. Өскемен
Жеке кәсіпкердің қолға алған ісінің экологиялық, әлеуметтік жағынан да маңызы бар. Макулатура, пластик заттар жинайтын шағын фирмада Аблакеткадағы 156/22 түзеу мекемесінде мерзімін өтеп жатқан алты сотталушы жұмыс істеп, еңбекақысын алып жатыр. Кәсіпкер келер жылдан бастап шыныдан жасалған заттар мен құтыларды да жинамақ.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив