KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.81 476.82 4.77

Украинаның еңбек сіңірген әйгілі кардиохирургі Илья Емец Өскеменге операция жасауға келді

29.05.2017, 18:00 127



Облыстық ауруханада кардиология саласының білгірі, кардиохирург, профессор, Украинаға еңбегі сіңген дәрігер Илья Емецтің өзі операция жасайды. Операцияның алдында кардиохирург бізге шағын сұхбат берген еді.

-Біздің Өскеменге келген мақсатымыз – өзіміздің тәжірибемізбен бөлісіп, сіздердің кардиологиялық қызметпен алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу. Украинадан менімен бірге кардиолог, реанимотолог әріптестеріміз бірге келді. Қазір 74 және 68 жастағы екі егде науқасқа ота жасамақпыз. Екеуіне жасалатын операциялар күрделі деп саналады, өйткені оларда негізгі сырқаттарынан басқа қосымша дерттері де бар. Мысалы, әйел адамның қалқанша безінде проблема болса, ер адамның корональды қан тамырларында асқыну байқалады. Мұндай диагноздармен олар ұзақ өмір сүре алмайды. Біз шығысқазақстандық кардиологтармен бірлесіп, екі науқастың да өмір жасын ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға барынша күш саламыз, - деді профессор.

Атақты кардиохиругтың айтуынша, олар он жылдан бері ұзақ өмір сүруді қолдау бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеді. Өйткені адамдардың 80 пайызы жүрек-қан айналымы ауруларының салдарынан ерте қайтыс болады екен. Сол себепті де олар бізде егде адамдарға ота жасауға келісіпті.

Украиналық бір топ дәрігерлер Өскеменге «Нұр Отан» партиясының хатшысы, кезінде Украинада Қазақстанның елшісі болған Зауытбек Тұрысбековтың шақыртуымен келді. Екікүндік іссапар барысында шетелдік мамандар жергілікті кардиохирургтерге семинарлар өткізіп, шеберлік сыныптарын көрсетеді.

Айна Ескенқызы
Сурет авторы: Ю Вторникова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив