KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Бүгін Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

29.05.2017, 18:00 178



Өскемен қаласының әкімі болып, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың экс-орынбасары Қуат Тұмабаев тағайындалды. Бұл туралы бүгінгі өткен қала активінің отырысында айтылды.

Қуат Тұмабаев 1980 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келді. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2001 жылы «Альянс банк» АҚ (Алматы қ.) несие бөлімінің маманы болып бастады. 2002 – 2003 жылдар аралығында «Казполиграф» АҚ (Семей қ.) қаржы-экономикалық талдау бөлімінің маманы болып жұмыс атқарды.
2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау минисрлігінің мемлекеттік қарыз беру және несиелендіру Департаментінде үкіметтік қарыз беру саясаты бөлімінің бас маманы, 2005 жылғы сәуірден бастап бастығы қызметін атқарды.

2005 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 2006 жылғы қыркүйектен бастап бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директоры қызметін атқарды.

2014 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқармасы Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылғы наурыздан - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2016 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жапонияда Өнеркәсіптік дамуды жоспарлау (2007 ж.) және инфрақұрылымды дамытудағы Мемлекеттік-жеке әріптестік (2014 ж.) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» тақырыбында бағдарлама бойынша курстан өтті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив