KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

26-28 мамыр аралығында Ақсуатта қазақ күресінен Әлем кубогы өтеді

22.05.2017, 18:00 175



Қазақ күресінен кезекті Әлем кубогының бәсекесі ауылда өтеді. Бұл ғажап оқиғаны өмірге әкеліп отырғандар – Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы! Айтса сенбейсіз, бұл жарыс 26-28 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат кентінде өтеді!

Жарысқа Қазақстаннан өзге 25 мемлекеттің спортшылары шақырылып, олар келісімін беріп, қатысқалы отыр. «Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткелі отырған жарыс, сондықтан да жарысқа 25 мемлекеттің балуандарын шақырдық!», дейді федерацияның жауапты қызметкерлері. Тамаша ой, тамаша жоба, тамаша тарту!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, осы жарысқа сәттілік тілеп, сөз арнаған болатын. Әлем кубогының ауылда өтетінінің халықтық маңызы осы жерде баса айтылғанына көз жетті. «Кезінде еліне, ұлтына қызмет еткен Ырғызбай әулие жүлдесі үшін өткелі отырған бұл Әлем кубогы жолындағы жарыс елімізде Елбасы алға қойып отырған бұқаралық спортты кеңінен өркендету жолындағы жұмыстарды барынша жандандырады» – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Осы жарысты ауылда өткізу жобасының авторы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Беделхан Камалханұлы былай дейді: «Аты мен істеген елдік ісі бүкіл Қазақстанға белгілі Ырғызбай Досханаұлы жүлдесі үшін өтетін бұл Әлем кубогының маңызы – шеттен келетін қонақтарға елді, жерді көрсету, жер жәннаты Тарбағатайды аралату. Бұл біздің туризмдегі мүмкіндігімізді де паш ету!».

Әлем кубогы жарысының ауылда өтуі ғажап оқиға. Әрі бұл жарыс Бүкіләлемдік күрес федерациясының күнтізбесіне енген жарыс. Әрі, жарысқа қатысатын балуандар арасында күрестің әр түрінен әлем, Олимпиада чемпиондары келеді деп күтілуде. Олай болса, ауылда өтетін Әлем кубогы жарысының жолы ашық болғай!

Несіп ЖҮНІСБАЕВ, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
egemen.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив