KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Манчестердегі концертте қазақстандық алты студент болған

22.05.2017, 18:00 202



Алдын ала мәлімет бойынша, Ұлыбританияның Манчестер қаласында қонцерт кезінде болған жарылыста қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Анықталғандай, концертте алты қазақстандық студент болған. Біздің дипломаттар олардың екеуімен байланыста, олар дін-аман. Студенттерге медициналық көмек қажет емес. Олар тұрғын-жайларына аман-есен жетті", деп жазды СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов сейсенбі күні өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста. Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік сақтау бойынша ескертулер таратылды.

"Елшіліктің консулдық бөлімінде жедел желі іске қосылды: +44(0)7447470570 (WhatsApp). Манчестердегі туыс-бауыр, дос-жарандармен хабарласып қоюларыңызды сұраймыз", - деп қосты Ә.Жайнақов.

"Манчестер Аренада" концерт кезінде орын алған жарылыстан 19 адам қаза болған, 50-ге жуығы зардап шекті. Полицейлер оқиғаны теракт деп қарастыруда.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив