KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Кеше түнде "Казцинк" аумағындағы мыс балқыту цехында өрт болды

18.05.2017, 18:00 187



Өскеменде "Казцинк" ЖШС металлургия зауытының аумағында өрт болды, деп хабарлады жұма күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманкұлов.

Оның айтуынша, бейсенбі күні сағат 21:41 зауыттың мыс балқыту цехында от тұтанған.

Өрт сағат 23:53 ауыздықталып, 00:25 сөндірілді. "Өрт аумағы 50 шаршы метрді құраған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өндірістік процесс бұзылған жоқ ", - деп атап өтті Р. Иманкұлов.

Қызыл жалынмен күреске Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру және апатты құтқару қызметінің жеке құрамының 70 адамы мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды.

www.interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив