KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Өскеменде ойын автоматтарымен айналысатындар қатаң жазаланып жатыр

15.05.2017, 18:00 115



Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі заңсыз ойын бизнесімен белсенді күрес жүргізіп келеді. Жыл басынан бері алты заңсыз ойын мекемесінің жолы кесілген.

Естеріңізде болса, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңына сәйкес, казино және ойын автоматтары залдарын Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында орналастыруға ғана рұқсат етілген. Ойын мекемесiн заңсыз ашу мен ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар мен құрал жабдықтарды беруге тиым салынады.

Соған қарамастан бұл кәсіппен заңсыз айналысушылар тыйылмай отыр. Мәселен, Өскемен қаласының тұрғыны азамат С. 2016 жылдың соңында Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 14/1 мекенжайынғы нысанды жалға алып, заңсыз ойын бизнесін ашқан. Осы мақсатта Алматы қаласындағы анықталмаған тұлғалардан «FRUIT LOTO», «ДАЙ ПЯТЬ», «TURBO KENO», «LUCKY LADY CHARM», «SIZZING HOT DELUXE», «ПОБЕДА», «КАРТ ЛОТО», «MONKEY LOTO», «LUCKY HAUNTER», «KEHO», «ФРУКТОМАНИЯ», «ЗОЛОТО», «КУРОРТЛОТО» қосымшалары орнатылған алты дана ойын автоматтарын сатып алған.

Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы, 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 500 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 134 500 теңге) айыппұл салынып, 306 мың ақша қаражаты тәркіленді.

Осыған ұқсас фактіні Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Семей қаласында да анықтады. Сотталушы А. Семей қаласында үй-жайды жалға алып, төрт ойын автоматын қояды. Автоматтарды іске қосып, үнемі ойын залында өзі болып, клиенттерге ұтыстарын беріп отырған.


Мамандардың айтуынша, ойын автоматтары жұмыс қалпында болған және лотерея құрылғысы болып табылмайды. Еліміздің Спорт және денешынықтыру комитетінің жауабына сәйкес лотерея ұйымдастыруға және өткізуге лицензиия берілмеген.

Семей қалалық №2 сотының үкімі бойынша азамат А. кінәлі деп танылып, мал мүлкін тәркілеумен, 60 сағаттық жұмысқа тартылды.

Аталмыш кәсіппен заңсыз айналысқандар Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша ойын мекемесiн заңсыз ашу мен ұстауды немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыруды, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беруді, «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы» заңында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыруды және өткізуді немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық-есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынатынын не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын естен шығармағаны жөн.

Осыған байланысты жалға берушілерге заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайларды жалға беру немесе лотерея терминалдарын орнату мәселелері бойынша өтінген тұлғаларға назар аударғаны дұрыс.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері байқалса, ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметіне 24-06-05 сенім телефоны арқылы хабарласуға болады.

Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив