Өскемен
+19°
небольшая облачность ветер 1,8 м/с, В
448.71 479.67 5.52

ШҚО мектептеріндегі медициналық кабинеттер денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтеді

12.03.2017, 18:00 185 0



Өңір мектептеріндегі медициналық кабинеттер облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтеді.

Оқушыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында қолға алынған мұндай өзгеріс ата-аналардың көңілінен шығып отыр. Енді «бір мектеп, бір емхана» жүйесі бойынша барлық мектептегі медициналық кабинеттердің жағдайы жақсартылмақ.

– Мектептердегі медициналық кабинеттерді емхананың қарамағына алу жұмыстары біртіндеп жүріп жатыр. Бүгінде «Мектепте қанша бала оқиды? Олардың денсаулығы қалай?» деген сауалдардың жауабын алып жатырмыз. Ал емханалардағы мектеп бөлімдерінің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талапқа сай жабдықталуына сол мекеменің бас дәрігері жауап береді, - дейді №2 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Ләйлә Шалова.

Ажар Сағатбекова




185
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив