KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Міндетті медициналық сақтандырудың мөлшері қанша болады?

9.03.2017, 18:00 116



– Биыл қолданысқа енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі азаматтар үшін қаншалықты тиімді болмақ және оған қандай мөлшерде қаржы аударылады? Тұрғындардың санатына қарай жеке-жеке шағыла ма?

Раушан Айдарбекқызы
Семей.

Сауалға ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Әлиев жауап береді:

– Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Мысалы, Германияда канцлер Бисмарк басқарған уақыттан бастап, бір ғасырдан артық уақыт қолданыста бар. Қазір 16 Еуропа елінде, сондай-ақ Түркия (1945 жылдан бастап) және Жапония (1961 жылдан бастап) бюджеттік жоспарлаумен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру моделін қолданып келеді.

Аталған елдерде медицина өте жоғары деңгейде дамыған, халқының өмір сүру ұзақтығы – 80-85 жасқа дейін. Сарапшылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (бұдан әрі МӘМС) тиімділігі денсаулықты қорғау мәселесіндегі мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделеді деп есептейді.

Қазақстан Республикасында МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты орны мен табысына қарамастан, медициналық және дәрі-дәрмек бойынша тең дәрежеде қолжетімді көмек алуына кепілдік береді.

Кім және қаншадан төлейтін болады деген сауалға келсек, елімізде міндетті медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет, жұмыс берушілер, жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлейтін болады.

Мемлекет халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына төлейтін болады. Жарнаның ең соңғы мөлшері еліміз бойынша орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Бұл сандар көлемі 2018 жылы 4 пайызға, 2019 жылы 5 пайызға, 2014 жылы 6 пайызға және 2025 жылдан бастап 7 пайызға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлеріне төлейді. Жарналардың ең соңғы мөлшері еңбекақы төлеу қорының 5 пайызын құрайды. Бұл сандар көлемі де: 2017 жылы 2 пайызға, 2018 жылы 3 пайызға, 2019 жылы 4 пайызға және 2020 жылдан бастап 5 пайызға сатылай өседі. Жарналар корпоративтік кіріс салығын есептеу кезінде шегеріледі, сондықтан нақты жүктеме барынша аз болады.
Қызметкерлер өздері үшін төлейді. Жарналардың ең соңғы мөлшері табыстың 2 пайызын құрайды. Жарналар кезең-кезеңімен өседі. 1 пайыз мөлшеріндегі алғашқы төлемді қызметкерлер 2019 жылы аяқтаса, 2020 жылдан бастап оның мөлшері 2 пайызды құрайды. Жарналар жеке кіріс салығын есептеу кезінде шегеріледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке меншік нотариустар, адвокаттар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) өздері үшін төлейтін болады. Жарналардың ең соңғы мөлшері табыстың 7 пайызын құрайды. Сандар келесі пайыздарға кезең-кезеңімен жетеді: 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 5 пайыз және 2020 жылдан бастап 7 пайыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив