KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Семейде екі вагон рельстен шығып кетті

21.06.2016, 18:00 138




Нөсерлеп құйған жауынның салдарынан Семей қаласында кірме темір жол желісі қалпын өзгертіп, екі вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

Облыстық департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, шойын жолдың кеңейіп кетуіне бірден бір себе ол – тоқтаусыз жауған жаңбыр. Мол су рельстің астына төселген қиыршық тас пен топырақты шайып кеткен.

Мамандардың айтуынша, екі вагонның бірінде дизель отыны болған. Абырой болғанда жанар-жағармай жерге төгілген жоқ.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру жұмыстарын атқару кезінде Семей қаласындағы облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №2 жасағы көмекке келді.

Қалпына келтіру жұмыстары «Қазақстан Темір жолы» акционерлік қоғамының 25 адамнан құралған бригадасымен орындалуда. Темір жол қозғалысы тоқтаған жоқ. Пойыздар жүріп жатыр.

Серік Әбілхан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив