KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурстың ережелері жарияланды

20.06.2016, 18:00 207


«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.

Конкурстарға мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) қатыса алады.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсырады.
Конкурстар туралы толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив