KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да фототұзақ обьективіне табиғатта сирек кездесетін манула мысығының іні мен баласы ілінді (фото)

19.06.2016, 18:00 134




Шығыс Қазақстан – Еуразия құрлығындағы түз жануарларына ең бай аймақ. Ресей ғалымдары бірнеше жылғы зерттеулер нәтижесінде осындай қорытынды шығарып отыр.

Бұл жағынан бізге әлемдегі ең далалы мемлекет саналатын Монғолия да шендесе алмайтын көрінеді. Өйткені ресми емес деректерге қарағанда аталмыш мемлекеттегі мал саны халқынан 13 есе көп. Осының салдарынан түз тағыларының тіршілік ету аймағы мал тұяғына тапталып, жануарлар азайған үстіне азаюда. Бұл артықшылықты біздің облыс туристер тартуға мықтап пайдалана алады. Тек әзірге оны насихаттау жағы жетіспей отыр.

«Сибэкоцентр» орталығының мамандары Илья Смелянский мен Анна Барашкова соңғы бірнеше жылда Балқаштан Зайсанға дейінгі аралықтың дала жануарларына зерттеу жүргізген. Негізгі зерттеу нысаны дала мысығы сабаншы, яғни манула мен жабайы құстар болғандықтан, фототұзақтарды солардың көп жүретін жолдарына құрған екен. Биылғы жылы олар Аягөз бен Шыңғыстаудың арасын, Көкпекті ауданын, Зайсан көлі мен Маңырақтың маңайын, Қалжыр аумағын фототұзақпен сүзгілеп қайтты.

Қызыл кітапқа енген дала мысығы сабаншы Шығыстан пана тауыпты

-Шекара сызығынан аттаған сәттен бастап көзімізге жылы ұшыраған құбылыстарды байқадық. Мұндағы жануарлар әлемі біз ойлағандай жұтамапты. Кейін алғашқы әсерімізді фототұзақтар растап берді. Шығыс Қазақстанда сабаншыға төніп тұрған қауіп жоқ, - дейді ғалым. Бұл жануар тығылып өмір сүретіндіктен, терісінің түсі табиғатпен селбесіп тұратындықтан адамға көріне бермейді. Сондықтан манула мысықтарының нақты санын анықтау да мүмкін емес. Алайда ресейліктер құрған фототұзақтың бәріне сабаншылар бірнеше мәрте түскен. Бұл Аягөз бен Зайсан аралығында жабайы мысықтар жеткілікті мөлшерде тіршілік етеді деген қорытындыға негіз болатын мәлімет.
-Ресейде бұларды фоттұзаққа түсірудің өзі мұң. Ал Шығыс Қазақстанда жүріп інінің үстінен түстік. Осыдан-ақ сабаншылардың бұл аумақта өздерін қауіпсіз сезінетінін көруге болады, - дейді А.Барашкова.

ШҚО-да фототұзақ обьективіне табиғатта сирек кездесетін манула мысығының іні мен баласы ілінді (фото)

Ғалымды Шығыс даласында дуадақтың фтотұзаққа түсіп қалуы таңғалдырған. Ғылыми деректерде бұл аумақта дуадақтар мекендейтіні жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Фототұзақтың арқасында ғалым өзі үшін осындай жаңалық ашқанын айтады. Бұл құрылғыларға түлкі, қоян, қасқыр, тараққұйрық, суыр, қарсақ сынды аңдар ең көп түскен екен. Олардан кейін обьективке арқарлар көп ілігіпті. Соған қарап ресейлік ғалымдар біздің облыста арқарлардың саны да қалыпты мөлшерде деген тұжырым жасап отыр. Қазақпен тағдырлас аңның бірі арқар десек, Ұл даланың құты – арқарлардың саны тұрақтануы бізді де қуантпай қоймады. Камераға аркідік сілеусіндер де түсіпті.

Обьективке ілінген әрбір тіршілік иесі жайлы сағаттап әңгімелеуге дайын ғалымдардың ауыз ләмінен ұққанымыз, Шығыстағы түз тағылары адамның тіршілік әрекетінен әзірге айтарлықтай зиян шегіп отырған жоқ. Оған бірінші кезекте жеріміздің кеңдігі ықпал етсе, екіншіден ұланғайыр даланың әлі де игерілмей жатқаны себеп болса керек. Әсіресе егін себуге жарамсыз, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Күршім ауданының тастақты қырлары түз жануарлары үшін ұйық мекен күйінде қалып отыр.

И.Смелянский жергілікті прокуратураның жануарлар әлеміне қатысты дабыл қағып отырғанын алғаш естігенде таңғалғанын айтады. Өйткені біздегі жағдай мен оның еліндегі ахуал бір-бірімен салыстыруға келмейтінін жоғарыда айттық. Ғалым біздің тараптың әрбір шетін оқиғаға қырағылық танытып, дер кезінде дабыл қағуының арқасында жануарлар байлығы тұмса күйінде сақталса керек деген пікірін де айтып қалды. Ал облыстық басқарманың жануарлар әлемін қорғау бөлімінің басшысы Арман Есентаев бұл жағдайды жердің игерілмеуімен байланыстырады.

Илья Смелянский тағы бір қызықты мәлімет айтты. Жануарлардың санын анықтау мақсатында олар жергілікті халыққа да сұрау салып көрген екен. Олардың сұрағына халықтың көп бөлігі толымды жауап бермеген. Ғалым мұны қазақтардың туған жердің мақұлығын да жат көзден қызғануы, қорғаштауы деп бағалапты. Бұл да қуанарлық жағдай. Тек Ұлы даланың ұшан-теңіз байлығын өзгенің сұқ көзінен ғана емес, өзіміздің сұғанақ қолымыздан да қори білсек игі.


Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив