KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Даниал Ахметов АҚШ елшісімен кездесті

19.06.2016, 18:00 89



Облыс әкімі Даниал Ахметов АҚШ-тың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі елшіге өңірде атқарылып жатқан негізгі жұмыстар, оның ішінде өндіріс пен аграрлық сектордың дамуы жөнінде айтып берді.

-Атом өндірісін дамыту бағытында да жұмыстарды қолға алып жатырмыз. Суэлектр станциясының құрылысы басталды. Бұл нысан өңірдің ғана емес, еліміздің энергия жүйесін нығайтуға септігін тигізетін болады. Аграрлық сектор жақсы дамып келеді, бұл ретте өнімдерімізді көрші мемлекеттерге шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов.

Өз кезегінде Джордж Крол Шығыс Қазақстанға АҚШ тарапынан инвестиция тартылып жатқанын, әлеуметтік салада тығыз байланыс орнағанын атап өтті.

-Шығыс Қазақстанның әлеуеті жоғары. Біз үшін Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастардың одан әрі дами түскені маңызды, - деді елші.

Джордж Кролдың өңірімізге екікүндік сапармен келгенін айта кетейік. Сапар барысында елші Өскемендегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив