KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Марқакөлден Тарбағатайға үш мың түп шырша әкелінді

16.06.2016, 18:00 158




«Марқакөл» орман резерватынан арнайы әкелінген үш мың түп шырша аумағы бір гектардан асатын жерге ерте көктемде отырғызылған болатын.

Қазір сол балапан шыршалар Тарбағатай табиғатына жерсініп, жасыл желекке айналған атшаптырым алаңқай аудан орталығының көркіне көрік қосуда. Көшеттер отырғызылған бақты «Жасыл ел» жасағының жастары күтіп, баптап жүр.

Шырша отырғызу мұнымен тоқтап қалған жоқ. Жақында Ақжар ауылының орталығына тағы 300 түп қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Болашақта ол жерге Мақта апа аллеясын ашып, жан-жағы көгалдандырылмақ.


Қадырбек Кәкімұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив