KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2,5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Мемлекет шаруадан күзде орылатын астықты көктемде сатып алады

16.06.2016, 18:00 130




ШҚО, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков жалпы өсімдік шаруашылығын қолдау үшін биылғы жылы облысқа 1 млрд. 729 млн. теңге субсидия бөлінгенін айтты.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін облыс диқандары бидай мен арпа тұқымын форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 300 миллион теңге несие алды.

Аталған жүйе бойынша мемлекет шаруадан күзде орылатын астықты алдын ала сатып алады.

Мұндай тәсіл шаруаны көктемгі егіс науқанына қажет қаражатпен қамтып, тұрақтандыру қорларын астық бағасының күзде өсу тәуекелінен құтқарады.

Екіншіден, арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытынан тоннасы 95 мың 421 теңгеден 24 мың тонна дизель отыны бөлінді. Үшіншіден, топырақ құнарлылығын арттыру үшін шаруаларға 13500 тонна субсидияланатын минералдық тыңайтқыш бөлінді. Ол үшін отандық өндіруші зауыттарға минералдық тыңайтқыштың құнын арзандатуға 603 миллион теңге субсидия төленді. Жалпы өсімдік шаруашылығын қолдау үшін биылғы жылы 1 млрд. 729 млн. теңге субсидия бөлінген. Оның ішінде тұқым шаруашылығын субсидиялауға - 305 млн. теңге, тұқымдық материалдың сұрыптық және егістік сапасын айқындауға - 30 млн.теңге, минералдық тыңайтқыштың құнын арзандатуға - 603 млн. теңге, гербицидтердің құнын арзандатуға - 390 млн. теңге, зиянды организмдермен күрес жүргізуге арналған іс-шараларға - 55 млн. теңге, су беру қызметінің құнын субсидиялауға - 346 млн. теңге қарастырылған.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив