KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Депозиттердің жылдық өсімі 14 пайыз болғаны рас па?

15.06.2016, 18:00 204




– Жақында теледидардан берілген хабарда: «2016 жылдың ақпан айынан бастап ұлттық валютамен (теңгемен) салынған депозиттердің жылдық өсімі 14 пайыз болды» деп айтылды. Сонда бұл өзгеріс бұрыннан теңгемен салынған барлық депозиттерге де қатысы бар ма? Әлде тек ақпан айында ашылған белгілі бір депозиттерге ғана қатысты бола ма?

Асқар Мұқтарханов
Риддер.


Сауалға Ұлттық банктің Шығыс Қазақстан филиалының директоры Марат Барлыбаев жауап береді:

– Расында, 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (бұдан әрі - ҚДКБҚ) жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері мынадай негізде белгіленді:

- Теңгедегі сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 14 %;

- Шетел валютасындағы сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2%;

«ҚДКБҚ» АҚ-мен ұсынылған мөлшерлемелер аясында депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін банктер депозиттердің сомасына, валютасына, мерзіміне байланысты өздері белгілейтінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, олар өз бизнесінің талаптарына, активтерінің құрылымына және қосымша өтімділікке деген қажеттілігіне, инфляция деңгейі мен басқа да факторларға орай мөлшерлемелерін ауыстыруға құқылы.

Сондықтан әр банк өз мїмкіндіктерін өздері бағалайды және жаңадан ашылған, сондай-ақ, ашылып қойған салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту жөнінде шешім шығарады. Сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерлерін өзгерту шарты банктердің әр депозит бойынша клиенттермен жасайтын банктік салым шарттарында көзделеді.

«ҚДКБҚ» АҚ сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне байланыссыз жеке тұлғалардың барлық депозиттеріне кепілдік береді. Қазіргі уақытта теңгедегі депозиттер бойынша кепілді өтеу сомасы 10 млн. теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн. теңге баламасында.

Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив