KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өндірістік жарақат алған жағдайда жәрдемақы төлене ме?

7.06.2016, 18:00 296



– Жолдасым құрылыста жұмыс істеп жүргенде жарақат алып, мүгедек болып қалды. Енді оның денсаулығына келтірілген зиян үшін бізге мекеме тарапынан өтемақы төлене ме? Өндірістік жарақат кезінде берілетін жәрдемақы мен өтемақы тағайындау мен төлеу тәртібі жайында білгім келеді.

Айғаным Жүнісжанова
Үржар ауданы.


Сауалға облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Бақытбек Қизатов жауап береді:


– Еліміздің Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек қызметіне байланысты еңбекке қабілетсіз болса немесе қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайларын тергеп-тексеру қажет. Тергеп-тексеру нәтижесінде жазатайым оқиға жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты болғаны анықталған жағдайда жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы акт рәсімдеуге міндетті.

Осы жағдайда еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға нәтижесінде медициналық-әлеуметтік сараптама кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін анықтаған жағдайда, зардап шеккен адамға ай сайын төлемақы төлеп отыруға тиіс. Осы төлем ақыны төлеу, тағайындау тәртібі Азаматтық кодексітің 936-946 баптарында және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» еліміздің 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 Заңында көрсетілген.

Аталмыш заңның 8 бабының екінші тармағына сәйкес жұмыс беруші сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға тиіс.
Жұмыс беруші сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасамаған жағдайда өз қаражатынан төлемақы төлейді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес мемлекет тарапынан мүгедектік топ берілген жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 21 бабына сәйкес еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына әлеуметтік төлем алуға өтініш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
Мекеменің ұжымдық шартында жазатайым оқиғаға байланысты қосымша төленетін жәрдемақы белгіленсе, ұжымдық шарттың талаптары орындалуға тиісті.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив