KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО шаруалары өңірдегі қой санының кеміп кетуінің себебін айтты

7.06.2016, 18:00 150



Жыл басынан бері ірі қара мен жылқы саны артып, қой мен шошқа азайған. Ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізген есебіне сенсек, құс санының да өсімі байқалыпты.

Мамыр айындағы жағдай бойынша облыста 1,05 млн. бас ірі қара, 2,258 млн. бас қой мен ешкі, 76,4 мың бас шошқа, 325,5 мың бас жылқы және 3,9 млн. құс бағылуда. Бұл сандарды өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырар болсақ, ірі қара мал саны 39,3 мың басқа (3,9%), жылқы 30,5 мың басқа (10,3%), құс 170,9 мың басқа (4,6%) артқанын байқауға болады. Ал қой мен ешкі 153,4 мың басқа немесе 5,1 пайызға, шошқа 2,3 пайызға кеміген.

Қой санының азаюына негізгі себеп шопандардың тапшылығы, еті мен жүн бағасының төмендігі, оларды сату кезіндегі проблемалар болып отыр. Осыған байланысты шаруа қожалықтары ірі қара малы мен жылқы өсіруді тиімді деп санайды.
Ал шошқа санының кемуіне құрама жемнің қымбаттауына байланысты оны ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы, сондай-ақ, шошқа етін сату проблемалары себеп болды.

Жылдың төрт айында 291,0 мың бас бұзау ерді. Бұл 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,5 мың басқа (1,9%) артық. Қозы мен лақтың саны - 1 043,0 мың бас. Бұл былтырғы деңгейден 1,7% аз. Дәстүрлі есепке салар болсақ, 100 аналықтан 75 төл алынған.
Биылғы құлын саны – 57,5 мың басты құрап, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,7 мың басқа (9,8%) артты. Яғни, 100 биеден 42 құлын алынған.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив