KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да тұрғын үй құрылысының көлемі артады

5.06.2016, 18:00 136



Шығыс Қазақстан облысында «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның 71 мыңнан астам салымшысы бар. Солардың ішінде қазір 6 800 салымшы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға дайын және несие алуға қажетті қаражаттары жеткілікті. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, бүгінгі күні облыс әкімдігімен тұрғын үйлер салуға «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның қаражаттарын тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Нақты деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның қаражаты есебінен 10 үйдің құрылысы басталған, бұл нысандар 2017 жылы толықтай қолданысқа берілмек. Бұған қоса аталмыш акционерлік қоғамға тағы да тоғыз тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруға өтініш беріліп қойған.

Сондай-ақ, «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» тиісті жұмыстар қолға алынған. Мәселен, осыған дейін «ҚИК» АҚ-на жалпы сомасы 20 544,7 млн. теңгені құрайтын, жалпы ауданы 140,3 мың шаршы метр болатын немесе 2 407 пәтерлік 20 тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыру жөнінде өтініш жолданған. Бүгінде Қазақстан ипотекалық компаниясы жалпы құны 4 493,89 млн. теңгені құрайтын жиыны 531 пәтерден тұратын үш үйдің құрылысын бастады. Оның екеуі Семей қаласында бой көтерсе, біреуі өскемендіктердің игілігіне берілмек.

Серік Әбілхан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив