KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО тұрғындарының 82,44%-ы сайлауға қатысқан

20.03.2016, 18:00 116



Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлау науқанына 82,44% шығысқазақстандық қатысып, белсенділік танытты. Ал сайлау учаскелерін бақылаған мыңнан астам тәуелсіз бақылаушылар барлығы талапқа сай өтіп, ешқандай өрескел заңбұзушылық әрекеттер орын алмағанын жеткізген, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Бұл жайлы қорытынды брифинг барысында ШҚО бойынша сайлауды бақылау жөніндегі өңірлік жәрдемдесу орталығының басшысы Людмила Гейцман мәлімдеді.

- Бүгінгі біз айтып отырған көрсеткіш халықтың сайлауға белсенділігін және барлығы демократиялы түрде өткендігін көрсетеді. Сайлауға дейін сайлаулды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген уақытта үміткерлер жұмысында және кеше сайлау барысында ешқандай өрескел заңбұзушылық әрекеттер анықталмады, - деді Людмила Гейцман.

Сондай-ақ, аталмыш орталықта білгірлік семинардан өткен тәуелсіз бақылаушылармен қатар, ТМД миссиясы және ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымдардан келген бақылаушылар ешқандай өрескел заңбұзушылық әрекеттер анықталмағанын жеткізген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив