KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Камералдық бақылау сұрақтары

10.03.2016, 18:00 232



Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен 2015 жылы 30 қарашада «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойылды. Бұйрық «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес қабылданды.

Камералдық бақылау - ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне бармай Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратьга бақылау нысаны;

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Комиет және оның аумақтық бөлімшелері бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күиінен кешіктірмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды сипаттай отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) ресімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.

Мынадай жағдайларда хабарлама орындалды деп танылады:

1. келіскен жағдайда - хабарлама жіберген Комитетке немесе аумақтық бөлімшесіне қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

2. келіспеген жағдайда - мемлекеттік аудит объектісінің Заңның 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынған қарсылықты қарау нэтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органдағы ашық шоттары бойынша, Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасыньщ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Заңның 60 бабына сәйкес, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 207 бабының 2 бөлігіне сәйкес, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайтынын атап өту қажет.

ҚР ҚМҚБК Шығыс Қазақстан облысы
бойынша қаржы бақылау инспекциясы
бастығының орынбасары Е.Т. Тұрсынғалие
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив