KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да эпидемиологиялық бақылаудың тиімді жүйесімен қамтамасыз етілген

28.01.2016, 18:00 129



ШҚО-да өткір респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың алдын алу шаралары түрінде, науқастар мен тұмау вирусының циркуляциясын талдайтын, эпидемиологиялық бақылаудың тиімді жүйесі жұмыс істеуде, деп хабарлайды Altaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 140 мың адамға тұмауға қарсы екпелер салынды, бұл тұрғындардың жалпы санының 10 пайызын құрайды. Соның ішінде, жергілікті бюджеттен 5778 адамға, жұмыс берушілер есебінен 60 мың, ақылы түрде 71 мың адамға екпе егілді.

- Өткір респираторлық вирусты инфекциямен, тұмаумен ауырғандар бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық, маусымға сәйкес және көп жылдар бойғы бақылау нормасынан асу тіркелген жоқ, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Попов.

Өткір респираторлық вирусты инфекциямен ауырғандардың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға төмендеген. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар және жалпы көрсеткіштің 67 пайызын құрайды.

Қаңтар айының бас кезінен бастап тұмау жағдайлары зертханада расталған 15 адам тіркелген. Олардың әрқайсысы стационарлық жағдайда ем алды.

- Респираторлық аурудың алғашқы белгілері пайда бола бастағанда, өзін-өзі емдемей, жедел түрде дәрігерге көріну қажет. Алдын алу шараларын өткізіп отыру керек, - деді Сергей Попов. - Тұмауға қарсы майлар жағып қана қоймай, науқас адамдармен байланысты азайтып, бөлмедегі ауаны үнемі тазартып, жеке бас тазалығын сақтау қажет.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив