KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Ипотекалық қарыз алушылардың шағымдарын қарау комиссиясы жұмыс істеуде

17.11.2015, 18:00 160



ШҚО-да Екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша облыстық комиссия құрылып, жұмыс істеуде.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 150 қаулысына сәйкес, екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылды. Комиссия Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі К.Қ.Мәсімовтың 2015 жылғы 15 мамырдағы № 20-27/1728 тапсырмасына сәйкес құрылды. Комиссияның жұмыс органы болып ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы анықталды.

Комиссия туралы ереженің 9 тармағына сәйкес, қарыздарды қайта қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктермен бас тартулар жағдайында бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыруды бас тартылған куннен бастап он күн мерзімде банктің шешіміне шағым комиссия қарауына М.Горький 40 көшесі, 40, 319 каб, мекенжайы бойынша «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ ұсынылады. Комиссияның қызметі жөніндегі мәселе бойынша сіздер маған, немесе Комиссияның хатшысы - Ерлан Мұхаметқазыұлы Нұрмадиевқа (тел.+7(7232) 26-44-95, сот. +77776336336) арызданаласыздар, электрондық мекенжай: е.nurmadiev@akimvko.gov.kz.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив